ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ - 2021Farabi University

51

ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ - 2021

31 мамыр, 2021

Кездесуде түлектердің құттықтау бейне жазбалары, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жетістіктері туралы слайд, фотолар көрсетілді.

Видео құттықтау арасында 2006 жылғы түлектер Талғар қаласының 1-орта мектеп мұғалімі Омар Құрмаш пен ұлттық арнамыздың журналисті, тележүргізуші Құрманжан Қасымжанұлы жылы лебіздерін білдірді.

Жиынның соңын жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б.Әмірханов қорытындылады. Салтанатты жиын «Түлектердің қоштасу вальсімен» шымылдығын жапты. Модератор Ж.С.Әділханова келген қонақтарға алғыс білдірді.