- Main
- News
- «Төлеген Айбергенов. “Бір тойым бар...». “Студентке ұсынылатын 100 шығарма” бағдарламасы бойынша ашық сабақ
«Төлеген Айбергенов. “Бір тойым бар...». “Студентке ұсынылатын 100 шығарма” бағдарламасы бойынша ашық сабақ

25.03.2021. «Төлеген Айбергенов. “Бір тойым бар...». “Студентке ұсынылатын 100 шығарма” бағдарламасы бойынша ашық сабақ – дөңгелек үстел форматында өткізіліп, “Төлеген Айбергенов. “Бір тойым бар...” деп аталды. Кешке ақынның тұңғыш перзенті, филология ғылымдарының кандидаты Салтанат Айбергенова шақырылды. Кеш қонағы әкесінің өмірбаяны, қызметі туралы, әдеби мұрасы мен шығармашылығы жайлы әңгіме етті. С.Т.Айбергенова әкесінің творчествосын зерттеп келе жатқан үлкен ғалым, докторлық диссертация жазған зерттеуші. Ақынның мерейтойларына арнап бірнеше жыр жинақтарын бастырып шығарған, бұрын жарияланбаған жырларын тауып, әдеби ортаға қайтарған жан. Студенттер кеш кейіпкерін зейін қойып тыңдады және үлкен рухани азық алды. Ал топ мүшелері Жұмабай Мағжан мен Жақып Медет ақынның өлеңдерін жатқа оқып, кеш қонақтарын қуантып тастады.
Other news


