«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік». Farabi University

51

«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік».

24 may, 2021

17.02.2021. «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік». Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған кураторлық ашық сабақ. Топ кураторы сабаққа қатысушыларды құттықтап, сабақты ашып берді және Тәуелсіздік шежіресіне қысқаша тоқталды. Әрі қарай сабақты топ студенттері Нұрғиса Абдухамедов пен Ұлбала Өмірзаққызы жүргізді. Жүргізушілер Тәуелсіздіктің мән-мазмұнын ашып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан үзінділер оқыды. Отыз жылда еліміздің экономикасы, ғылымы мен білімі, мәдениеті мен өнері жеткен жетістіктерді баяндау үшін басқа студенттерді әңгімеге тартып отырды. Сабақ барысында Тәуелсіздік жылдарынан құрылған викторина өткізіліп, студенттер күшімен дайындалған қысқаша концерттік бағдарлама тыңдалды.