
2021 жылдың ақпан айында механика-математика факультеті механика кафедрасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенімен бірлесіп, көрнекті механик-ғалым, ғылым мен жоғары білімді ұйымдастырушы, ірі мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, академик Ө.А. Жолдасбековтың 90 жылдығына арналған "ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ" атты бейне-фильм дайындап, түсірді.
Фильмнің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінін механика кафедрасының профессоры м. а. Ж.Т. Жұмашева дайындады.
Фото және бейнетүсірілімді механика кафедрасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенімен бірлесіп ұйымдастырды.
Бейне-фильм 01.03.2021 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Ө.А. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механика бойынша зерттеу жұмыстарының ХІ халықаралық байқауының ашылу салтанатында көрсетілді.
Фильмді дайындағандар: Идея авторы Д.Жәкебаев; Режиссері әрі редакторы: Д. Мұхамеджанов; Режиссердің жәрдемшісі: Ж.Жұмашева;Мәтіннің сөзін даярлаған: Ж.Жұмашева; Монтаж: Б.Батан; Операторы: М. Өсер; Дыбыс режисері және музыкалық безендіру: Б. Құрманбеков; Фотограф: М. Жүнісбеков; Мәтінді оқыған: Ә. Аймишева.
Бейне-фильмге сілтеме: БЕЙНЕФИЛЬМ: ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ
Басқа жаңалықтар

