PR шақырады! Farabi University

51

PR шақырады!

20 сәуір, 2011

«Сиреневый PRорыв. Коммуникационное PRобуждение» атты халықаралық дәстүрлі студенттік 9-шы PR-конференциясын ұйымдастыратын қазақстандық PR-шы клубы жне ҚБҰА (Қоғаммен байланыстың ұлттық ассоциациясы) биылғы жиынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізді.

Жиынға Қазақстанның 7 жоғары оқу орындары, яғни әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, UIB, IT-университеті, ҚМЭБИ, Абылай хан атындағы ҚазҰХҚжнеӘТ университеті, Серікбаев атындағы ШҚМТУ (Өскемен қаласы) жне Аграрлық университетінің (Астана) 700-ге жуық студенті, магистранттары жне докторанттары қатысты. Іс-шара «GSM Казахстан/Kcell» компаниясының жне «Асем-Ай» компаниясы тобының қолдауымен өтті.

Қазақстандық PR-дың ксіби шеберлері студенттерді мамандықтың жаңа жне қызықты технологияларымен таныстырды. «Қазақстандық баспасөз клубының» президенті, «PG Communications» кампаниясының бас директоры Әсел Қараулова болашақ PR-мамандарымен көптеген кеңестерімен бөлісті. «Ренессанс» компаниясының басқарушы серіктесі Светлана Крутских мамандықтың трендтері мен болашағы туралы пікір білдірді. Ашық жне есте қалатындай қылып өздерінің тұсау кесерлерін «Бриф» атты зерттеу агенттігінің президенті Александр Рузанов, мобильді маркетинг «Tuan Tuan» агенттігінің бас директоры Наиль Ахметжанов, коммуникативтік ғажап бюросының директоры Бағдат Қожахметов, «Direct PR» агенттігінің басқарушысы Жанна Прашкевич, «Тимбилдинг» компаниясының директоры Павел Токарчук, «Қазақтелеком» мекемесінің өкілі Дина Құбайжанова, «5 этаж» клиенттермен байланыс агенттігінің директоры Оксана Болдычева жне т.б. өткізді. Университеттің аудиториясынан бастап студенттер қиын жне жан-жақты үдеріске оңайшылықпен кіріп кете алатындарын көрсетті. Конференцияның ұйымдастыру комитеті журналистика, PR, маркетинг жне жарнама бойынша ең үздік жұмыстары 3 секция бойынша көрсетілді. Қоғаммен байланыс саласындағы абыройлы мамандардың айтуы бойынша барлық проекттер жақсы жне жоғары потенциалды жұмыстар. Дәлірек айтқанда жұмыстардың ішінде PR технологиямен жасалған студенттік журнал, әлеуметтік жарнама, жаңа буынның жаңа медиасы, ұлттық қазақстандық өнімдердің тұсау кесері, жетім балаларға шетел тілдерін үйрету жүйесі жне т.б. тақырыптар қозғалды. Қазақстанның кәсіпқой PR мамандары қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақты мақтан етеді. «Әлеуметтік жоба» бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қоғаммен байланыс мамандығының 1 студенттері, яғни Ақылбек Байдлаев, Асия Бишинова, Асқар Сахов, Дарын Шенгелбай жне Сағыныш Өмірбекова «Open Hearts» - Предостовляя возможности каждому» ең үздік деп танылды. «PR презентация» бағыты бойынша Астананың Аграрлық университетінің студенті Александр Лучко «Student’s life» студенттік жураналымен жеңіске жетті. «Маркетинг жне интернеттегі PR» бағыты бойынша IT-университетінің студенттері Мария Гареева, Ян Васякин, Элвира Каипова «PRтехнологиясының презентациясы ғаламтордағы БАҚ-тың «vIT@min» электрондық журналы бойынша алға жылжуы» атты жұмыспен бірінші орын алды. Студенттік конференцияның барлық қатысушылары сертификатпен марапатталды. Конференцияның жеңімпаздары мамырдың аяғында өтетін Қазақстандағы 7 PR Форумға қатыса алады. Ал шараның аяғында барлық қатысушылар аспанға көк шарлар ұшырды. Осындай тектес конференциялардың арқасында студенттер нақты жобаларға қатысып, болашақ жұмыс берушілермен таныса отырып, ксіби студенттік ынтымақтастықты бекітеді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі