"ҚазАқпарат" Ұлттық Ақпарат агенттігі

«Абай жолы» роман-эпопеясының қытай тіліндегі нұсқасының таныстырылымы болды
АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті аппаратының жетекшісі Қайрат Жүсіпов халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттерінқазақтың танымал жазушысы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының қытай тіліндегі аудармасымен таныстырды.
Тржіма қытайлық аудармашылар Ха-Бай мен Гао Сун-Фань тарапынан орындалып, көркем безендірілген қалың мұқабалы кітап түрінде Бейжіңде Қазақстанның танымал мемлекеттік қайраткері, ҚР Парламенті Мжілісі төрағасының орынбасары Жнібек Крібжановтың көмегімен басылып шыққан.Қ. Жүсіпов аталмыш аударманың ерекшелігі мен маңыздылығына тоқталды.
Факультеттің оқытушысы тарих ғылымдарының докторы, профессор қытайтанушы Мұхаметхан Нбижан аударманың тарихы, Қытай Халық Республикасындағы деби аударма ісінің дамуы жайлы құнды мліметтерден хабардар етті. Қазіргі шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ұ. Алжанбаева мен аталмыш кафедраның оқытушылары «Абай жолы» романының қазақ өмірінің философиясы мен энциклопедиясы екендігін айтты.
Сонымен қатар таныстырылым барысында қазіргі жастардың трбиесі, көркем дебиеттің тұлғаны қалыптастырудағы маңыздылығы туралы сөз қозғалды.
Басқа жаңалықтар
