
Олимпиада чемпионы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин Пекинде (Қытай) өтіп жатқан Халықаралық су спорт түрлері федерациясы (FINA) – Champions Swim Series турнирінің екінші маусымында үш қола медалін жеңіп алды.
100 метрде брасспен жүзген жүзуші 1:00.00 нәтижесімен үшінші орын алды. Бұл жарыста Қытай спортшысы Зибей Ян 58:83 есебімен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Арно камминг (58:95) жеңіп алды.
Бұған дейін Дмитрий 100 метрді брасспен жүзіп, 200 метр брасспен екі қола алды.
Дмитрий Баландинді тамаша нәтижемен құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар

20 мамыр, 2025

19 мамыр, 2025

19 мамыр, 2025