"ҚР Конституциясы - мемлекеттің құқықтық бағдары" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтедіFarabi University

51

"ҚР Конституциясы - мемлекеттің құқықтық бағдары" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді

6 қыркүйек, 2019

11 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры - Елбасы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің құқықтық бағдары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияға жоғары мемлекеттік сот және құқық қорғау органдарының, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан мен шетелдердің жетекші заңгер ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері қатысады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында конституциялық заңнаманы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. Қ.М. Мәми, И.И. Рогов, В.А. Малиновский бірлесіп ұйымдасып жазған «Қазақстан Республикасы – конституциянализмді бекіту шежіресі» атты электронды оқулығының тұсаукесу рәсімі өткізіледі.

Сонымен қатар, бұл кездесуде келесідей сұрақтар қарастырылады:

  • 1995 ж. ҚР Конституциясын тікелей жүзеге асыру ерекшелігі
  • 1995 ж. Конституция – ҚР-сының тұрақты дамуын анықтайтын акт
  • ҚР-ның Конституциясы – ҚР азаматтарының бостандықтары мен құқықтарын қорғау, кепілдік жасау механизмінің негізгі элементі
  • Конституциялық заңның теориялық, практикалық және тарихи даму мәселелері
  • ҚР-дағы сайлау жүйесінің мәселелері мен ерекшеліктері
  • ҚР-дағы заңдық жүйе: даму мәселелері
  • ҚР-ның мемлекеттік органдар жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздерін жетілдіру
  • ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Өткізілетін мекенжайы мен уақыты: Алматы қ., әл-Фараби даң. 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ылыми кеңес залы (15 қабат), 11 қыркүйек 2019 ж. 15:00

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызға болады: 8 (727) 377-33-33 (1255), (1256).