Субөңірлік семинар-тренингі өтедіFarabi University

51

Субөңірлік семинар-тренингі өтеді

19 маусым, 2017

Алматы қаласында 2017 жылдың 19 жне 23 маусым аралығында «DZ岹Բ» қонақүйінде Орталық Азия мемлекеттерінің педагогикалық сала мамандарына арналған ЮНЕСКО-ның «Тұрақтылық мұғалімнен басталады» атты Субөңірлік семинар-тренингі өтеді.

Баспасөзге арналған брифинг сейсенбі 20 маусым күні сағат 15:40 - 16:10 дейін болады.

Баспасөзге арналған тренинг жне брифинг Алматы қ. Тимирязев к. 2 үй (Наурызбай батыр к. қиылысында) мекен жайында, «DZ岹Բ» қонақүйінде өтетін болады. Телефон номері: +7 727 244 0255.

Құрметті журналистер, нақты ақпарат алу үшін жне шара барысында навигация үшін Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қызметкері Анастасия Хванға +7 778 42 66 912, a.khvan@unesco.org, сондай-ақ РЭЦЦА қызметкері Нина Кумамбетоваға +7 727 265 43 42, nkumambetova@carececo.org хабарласуларыңызға болады.

Тренингке 9 мемлекеттен 60 қатысушы, олардың ішінде министрліктердің, университеттер мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарының өкілдері, Орталық Азияның 4 мемлекеттерінен (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан жне Өзбекстан) ұлттық өкілдері, Орталық Корея, Грузия, Филиппиннан, Тұрақты даму үшін білім саласы бойынша Швед Халықаралық орталығынан (SWEDESD) жне Бангкоктағы ЮНЕСКО Бюросынан халықаралық сарапшылар қатысады деп күтілуде

Тренинг педагогикалық оқу орындарына жаңа әдіснаманы қолданады, бұл әдіснамада әрбір қатысушы педагогикалық оқу орны институционалды өзін өзі бағалау өткізіп жне өз оқу орнына шолу дайындауы қажет. Бұл Орталық Азиядағы педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне алда жасалатын өзгерістерге негіз бола алады.

Тренингті Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Бангкоктағы ЮНЕСКО Азия Тынық мұхиты өңірлік Бюросының, ЮНЕСКО қолдауындағы халықаралық өзаратүсіністікке арналған Азия Тынық мұхиты білім орталығының (APCEIU) ынтымақтастығымен жне Жапония Үкіметінің қаржылай көмегімен жне Орталық Азия Аймақтық экология орталығының (РЭЦЦА) қолдауымен ұйымдастыруда.

Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру үшін педагогтардың рөлі неге маңызды?

БҰҰ 2015 ж. қыркүйек айында ғаламдық күн тәртібі – Тұрақты дамудың 17 мақсаттарын (ТДМ) қабылдады. Оның мақсаты кедейлікті жою, планетаны қорғау жне барлық адамдарға гүлденуді қамтамасыз ету.

Атап айтсақ, Тұрақты дамудың № 4 мақсаты (ТДМ 4): «Барлығын жан-жақты жне тең құқылы сапалы біліммен қамтамасыз ету» сапалы білімнің жаңа жаһандық пайымын көрсетеді.

ТДМ 4 сәйкес қатысушылар тұрақты дамуға жне жаһандық азаматтыққа қажетті білімді жне дағдыларды игеруі маңызды. Демек, білім берудің барлық сатыларында тұрақты дамуға арналған білімді (ТДБ) беру жне жаһандық азаматтыққа оқыту ТДМ 4 жне басқа да ТДМ жетудің кілті болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін 21-ші ғасыр дағдыларын еңбек нарығымен бірлестіріп дамыту қажеттілігі туындайды.

Оқытушылар мен тренерлер тұрақты дамуды жне жаһандық азаматтықты қоғам өміріне жылжытуға қатысты сұрақтарға жауап бере алатын өзгерістердің жолсерігі болып табылады.

Осы контексте алда өтетін тренинг аталған аймақта бұл үдеріске үлес қоспақ.

«Тұрақтылық мұғалімнен басталады» жобасы туралы

2014 жылы қараша айында Жапонияның Аичи-Нагойя қ. Өткен ЮНЕСКО Тұрақты даму үшін білім беру мәселелері бойынша Бүкіләлемдік конференциясында ТДБ бойынша Жаһандық іс-қимыл бағдарламасы іске қосылды.

Аталмыш контексте ЮНЕСКО-да «Ертеңгі жақсы күн бүгін басталады: Ынта-жігерді үйлестіру жне ЮНЕСКО-ның тұрақты даму мүддесінде білім бойынша Жаһандық іс-қимыл бағдарламасын ендіру» атты жаңа бастама дайындалды. «Тұрақтылық мұғалімнен басталады» жобасы аталған бастамасының бір бөлігі болып табылады.

Жобаның басты мақсаты ТДМ 4 жүзеге асыруға үлес ретінде тұрақты даму мүддесінде өзгерістер процесін дайындап, ендіру үшін педагогикалық қызметкерлердің жне тренерлердің кәсіби деңгейін арттыру.

Орталық Азиядағы жоба

Жоба Орталық Азияның 4 мемлекеті – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан жне Өзбекстанда жүзеге асырылады,

Жоба Орталық Азияда өз мекемелерінде тұрақты даму жне жаһандық азаматтық саласында өзгерістер процесін дайындап, ендіру үшін мұғалімдерді дайындауды қамтамасыз ететін жеке университеттер мен институттардың әлеуетін арттырады, сондай-ақ, ТДМ 4 міндеттеріне жету үшін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан жнеӨзбекстанда аймақтық көзқарастың жне ұлттық әдіснаманың қалыптасуына ықпал етеді деп күтілуде.