ІІ Халықаралық жазғы мектебіFarabi University

51

ІІ Халықаралық жазғы мектебі

18 мамыр, 2017

Құрметті БАҚ өкілдері,оқытушылар, студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика жне қоғамдық медиа кафедрасы, Қоғаммен байланыс жне PR баспасөз орталықтары кадрларының біліктіліктерін арттыру жне сертификаттау орталығы Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен 2017 жылдың 2-4 маусым аралығында «Медиа жне PR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» атты ІІ Халықаралық жазғы мектебін өткізеді.

ІІ Халықаралық жазғы мектеп қатысушылары Public Relations жне журналистикадағы заманауи технологиялар мен инновациялық әдістерді қолдануда жаңа білімге қол жеткізеді, тәжірибелік біліктілігін арттырады, дағдарыстық жне даулы жағдайларды басқаруды үйренеді, PR -ды оқытудағы құзыреттілік тәсілдің түрлері жне әдістерімен танысады.

Жазғы мектеп бағдарламасында дәрістер, кейстердің шешімдері, жеке жне топтық тәжірибелік сабақтар, презентациялар, танысқан материалдар негізінде талқылаулар, жобаларды сыни талқылау, кең ауқымды заманауи PR-технологиялар бойынша жеке ақыл-кеңес беру, коммуникациялар жне PR, медиа-контент жасау, абырой-беделді басқару, копирайтинг жне digital PR, желілік коммуникациялардың жне отандық БАҚ тұрақты дамуының мүмкіндіктері қамтылған.

Сабақтарды коммуникация жне PR саласының сарапшылары жне медиа-тренерлер, жетекші БАҚ бас редакторлары жне тәжірибелі журналистер, шетелдік жне отандық профессорлар жүргізеді:

«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Жұмабек Кенжалин; Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректорының кеңесшісі Ғалия Ибраева; Коммуникациялар бойынша АФК Басқарушы директоры Қуат Домбай; Angel-In-Us кофейня желілерінің Бас директоры жне PR-менеджері Әлішер Елікбаев; продюсер, тележүргізуші, актриса Салтанат Қалиева; Alma-TV жарнама жне PR директоры Әділбек Махмед; «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Президенті Нәзия Жоямергенқызы; «Мінбер» Журналистерді қолдау орталығының Президенті Есенгүл Кәпқызы; «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Аженова; «KaspiBank» АҚ баспасөз хатшысы Ербол Азанбек; «Заң» газетінің бас редакторы Бекжан Әшірбаев; «Ұлан» газетінің бас редакторы Жұлдыз Әбділда; «Гүлстан» журналының PR менеджері Бәтима Қабдолданова; ҚР Мәдениет қайраткері, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА доценті Ерлан Ақшалов; «Manifestum» агенттігінің PR-жобалар менеджері Лидия Стоялова; «Kcell» АҚ PR маманы Салтанат Бердіқұлова; Alma-TV PR менеджері Алина Абилева; «AstanaBanki» PR менеджері Әлия Боранбаева; «Алматы даму Орталығы» АҚ қоғаммен байланыс маманы Айсәуле Садирова;Zero To One Lads студиясының маркетинг жөніндегі менеджері Марат Шакен; «Давай сходим» жобасының негізін қалаушы Әлішер Тойгулиев; «Эйр Астана» әуекомпаниясының корпоративтік коммуникациялар департаментінің маманы Нәзира Қайымова; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Елена Дудинова; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Александр Рожков.

Мектепті бітіргеннен кейін сертификаттар жне Алматының редакциялары мен пиар-агенттіктерінде тағылымдамадан өтуге ұсынымдар беру қарастырылған.

Өтетін мерзімі: 2-4 маусым, 2017 жыл.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Әл-Фараби» кітапханасы.

Басталуы: 2 маусым, сағ. 10.00, 409 аудитория, 4 қабат.

Байланыс телефондары: 8(727) 3773443; 8(727) 2211344; 8701993 90 07