ҚазҰУ және БҰҰ Өркениеттер альянсі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдыFarabi University

51

ҚазҰУ және БҰҰ Өркениеттер альянсі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

11 мамыр, 2017

Алматыда БҰҰ Өркениеттер альянсінің Жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз әл-Насермен ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ынтымақтастық және бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге қол қойды.

Аса жоғары дәрежелі БҰҰ өкілі алғаш рет қазақстандық жоғары оқу орнына ресми сапармен келіп отыр. Іс-шараға ҚазҰУ басшылығы, оқытушылар мен студенттер, дипломатиялық миссия, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов кездесуді аша отырып, мәртебелі мейманды университет қызметі және жетістіктерімен, БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық Хабыретіндегі жұмыстарымен кеңінен таныстырды.

КездесудеНасир Абдулазиз әл-НасерБҰҰ Өркениеттер альянсінің жұмысы, қызметінің негізгі бағыттары мен академиялық бірлестіктің Альянс бағдарламаларына қатысуы туралы айтты. «Үздік жоғары оқу орындардың бірі болып табылатын осындай беделді университеттің оқытушылары мен студенттерінің алдында сөз сөйлеу – мен үшін үлкен мәртебе. UNAOC сіздердің университеттеріңізтәріздіоқу орындарының мәдениеттер диалогында өмірлік маңызды рөл атқаратынын мойындайды», – деді БҰҰ Өркениеттер альянсінің басшысы.

Сондай-ақ ол өз сөзіндебілімберуАльянс жұмысының басты басымдықтарының бірі екендігін атап өтті. Жастарға үлкен көңіл бөлінуде, жобаларға көптеген университеттер қосылуда және олар ұйымның мәдениетаралық диалог, бейбітшілік пен өркениетті сақтаужөніндегібастамаларынақолдау көрсетуде.

Насир Абдулазиз әл-Насер жаһандық күн тәртібіне қатысты сұрақтарға толыққанды жауап берді. Ол Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың қолдауына ие болған ядролық қаруды таратпау және аймақтық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі бейбіт бастамаларын және Сириядағы жағдайды реттеуге қосқан мемлекеттің үлесінайрықшаатап өтті.

ҚазҰУ ылыми кеңесінің шешімімен білім мен ғылымның дамуына қосқан айрықша үлесі үшін Насир Абдулазиз әл-Насерге университеттің құрметті докторы атағы берілді. Оны растайтын құжат пен мантияны ЖОО ректоры Ғалым Мұтанов БҰҰ Өркениеттер альянсі жетекшісіне салтанатты түрде табыстады.

Баспасөз қызметі