«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»Farabi University

51

«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»

4 сәуір, 2017

2017 жылдың 11-12 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» ІV Халықаралық студенттік форумы өтеді.

Форумның негізгі мақсаты ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­- студенттер мен жас ғалымдарды «жасыл экономика» үрдісін дамытуға қатыстыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін және экологиялық бастамаларды орындау саласындағы студенттік ұйымдармен тәжірибе алмасу және қарым-қатынасты нығайту.

Форумның бағдарламасы:

  • Толық мәжіліс жұмысы;
  • Панельді секциялар келесі бағыттар бойынша:
  • "Жасыл" экономикаға өту және экологиялық мәдениет;
  • Тұрақты даму мән-мәтінінде биологиялық алуан түрлілікті сақтау;
  • EXPO-2017: баламалы энергетика және индустриалды-инновациялық даму;
  • Жасыл инфрақұрылымды дамытудың мүмкіншілігі ретінде табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеру және оңтайландыру.

Құрметті қатысушылар және осы форумға қатысам деушілер!

Сіздер осы іс-шараға онлайн форматта қатыса аласыздар, ол үшін өздеріңіздің gmail.com электронды почталарыңыздыgreenbridgework@gmail.comпочтаға2017 жылдың 9 сәуіріне дейін жіберіңіздер немесе сілтемені басып форумның трансляциясына қатыса аласыздар. Сілтеме форумның басталуына 30 минут қалғанда сайтына орналастырылады.