О.О.Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-зерттеу конференциясы өтедіFarabi University

51

О.О.Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-зерттеу конференциясы өтеді

3 мамыр, 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Олжас Сүлейменов атындағы ғылыми-зерттеу орталығы жне «Олжас кітапханасы» баспа үйімен бірлесе отырып белгілі қазақ ақыны, жазушы, ғалым жне Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі, «ХХІ ғасыр адамы» атағының иегері О.О.Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-зерттеу конференциясын өткізуде.

Пленарлық отырыста кіріспе сөзін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик, техника ғылымдарының докторы Мұтанов Ғ.М. айтады.

Конференцияда Олжас Омарұлы Сүлейменов; Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Н.Н.Оразалин; Қазақстанның қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, публицист Әуезов М.М.; ф.ғ.д., профессор РҰДУ Бахтикиреева У.М.; ф.ғ.д., профессор, Рудаки атындағы әдебиет жне тіл Институтының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сатторзода А. (Тәжікстан); ҚР ҰҒӘ М.О.Әуезов атындағы әдебиет жне өнер Институтының директоры Қалижанов У.Қ.;ҚазССР мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері, Д.А.Қонаевтің көмекшісі Владислав Владимиров; «Простор» журналының бас редакторы В.Ф.Михайлов; журналист Л.К. Шашкова; ақын Н.М. Чернова, ф.ғ.д., әл-Фараби ҚазақҰУ-нің профессоры , жазушы Жақсылықов А.Ж. жне Сағындықова Н.Ж.; қоғам қайраткері, публицист Қуттықадам С.; ҚР ҰҒӘ М.О.Әуезов атындағы әдебиет жне өнер Институтының бөлім меңгерушісі Ананьева С.В.

Секциялық отырыста мәдени жне тілдік байланыстың негізгі мәселелері бойынша, мәдениет мәнмәтініндегі Олжас Сүлейменов поэтикасы, көркем мәтінді талдау мәселесі жне мектептер мен жоғарғы оқу орнындарында орыс тілі мен орыс әдебиетін оқытуды жүзеге асыру мәселелері төңірегінде Қазақстан, Ресей, Түркия ғалымдарының баяндамалары оқылатын болады.

Аталмыш мереке қазақ ақыны әрі ойшылы О.Сүлейменовтың өнеріне деген үлкен қызығушылық тудыратыны, сондай-ақ Қазақстанның мәдени өмірінде есте қалар оқиға болары анық.

Конференцияға қатысуға барлық қалаушылар, ақындар мен жазушылар, танымал қоғам қайраткерлері жне БАҚ өкілдері шақырылады.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ылыми кітапхана конференц-залы (4 қабат).

Уақыты: 11.00 -13.00 с. 05.05.2016

Байланыс телефондары: 8-707-555-26-00 (Энкар Толымхановна)

8-701-414-35-70 (Сафар Абдуллоевич)