М. Елеуовтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтедіFarabi University

51

М. Елеуовтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

21 сәуір, 2016

Құрметті әріптестер!

Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы М. Елеуовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӨТКЕНІ, БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты тақырыппен өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференция 2016 жылы мамыр айының 6-7 күндері Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтеді.

Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:

  • ежелгі дәуір археологиясы;
  • орта ғасыр археологиясы;
  • Ұлы Жібек жолы және Қазақстанның ортағасырлық керуен жолдары;
  • этнология мәселелері;
  • музей және ескерткіштерді қорғау;
  • Қазақстан археологиясы мен этнологиясының терминология мәселелері.

Конференция – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Ұйымдастыру алқасының мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ГУК-3, 4-2 кабинет.

Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі мағлұматтар арқылы хабарласып білдіре аласыздар:

Талеев Дөкей Абдікерімұлы

жұмыс тел.: +7 (727) 377 33 19;

ұялы тел.: +77771165956

е-: eleuovconference@mail.ru

Ақымбек Ералы Шардарбекұлы

жұмыс тел.: +7 (727) 377 33 19;

ұялы тел.: +7701 5707240

е-: eleuovconference@mail.ru

Құрметпен, Ұйымдастыру алқасы