ТДМ-4: «Студенттердің оқуға мотивациясы» тақырыбында семинар-тренинг өттіFarabi University

51

ТДМ-4: «Студенттердің оқуға мотивациясы» тақырыбында семинар-тренинг өтті

11 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психологиялық қолдау қызметі мен «Инклюзивті орта» ғылыми-тәжірибелік орталығы ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында 11 желтоқсан№ 14-шы жатақханада тұратын студенттерге  арналған «Студенттердің оқуға мотивациясы» атты семинар-тренинг өткізді. 

Психологиялық тренингтің мақсаты студенттік өмірде қажет кәсіби дағдыларды меңгеру, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау дағдыларын үйрету, сондай-ақ өз-өзіне және күштеріне деген сенімділікті арттыру болды. Тренинг «Танысу» жаттығуымен басталып, қатысушылар арасында оң және сенімді қатынастар орнатуға бағытталды. Семинар барысында студенттердің ішкі қорқыныштары мен алаңдаушылықтарын жеңуге, сондай-ақ ашықтық пен өзара сенімділікті дамытуға бағытталған түрлі жаттығулар өткізілді. Тренингке қатысушылар эмоциялық тұрақтылықтарын арттырып, шиеленіс пен стресспен тиімді күресуді үйренді.

Кездесу көптеген пайдалы және қызықты эмоциялармен толығып, студенттерге ішкі ресурстарын және тұлғалық өсу мүмкіндіктерін жақсы түсінуге көмектесті. Мұндай тренинг студенттердің психологиялық жағдайын жақсартудың ғана емес, сондай-ақ олардың жеке және кәсіби дамуындағы тиімді құрал болып, Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды қадам болды.