Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының «Менің Қазақстаным!» әскери-патриоттық акциясы «Арыстан» мамандандырылған лицейіндеFarabi University

51

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының «Менің Қазақстаным!» әскери-патриоттық акциясы «Арыстан» мамандандырылған лицейінде

11 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 9 желтоқсанында әскери кафедра студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Менің Қазақстаным!» дәрісханасын өткізу мақсатында еліміздегі ең үздік мамандандырылған орта оқу орындарының бірі болып табылатын «Арыстан» мамандандырылған лицейіне барды.

Дәрісхананың басында лицей оқушыларына еліміздің жетекші жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және университеттің әскери кафедрасының тарихы мен қалыптасуы туралы бейнепрезентация ұсынылды.

Қазақстанның мемлекеттігі мен тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы интерактивті презентацияда Қазақ хандығының құрылуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі негізгі тарихи оқиғалар айтылды.

Тарихи викторина барысында 10-шы және 11-ші сыныптардың екі командасы Қазақстан тарихы және еліміздің Қарулы Күштері туралы білімдері бойынша жарысты. Лицей оқушыларының екі командасы да тарихтан терең білімдерін көрсетіп, тең дәрежеде бәсекеге түсті. Тарихи викторинаға қатысушылардың барлығына әскери кафедра бастығы, запастағы полковник Олег Әжімов естелік сыйлықтар – Қазақстан тарихы және қазақстандық батырлар туралы кітаптарды табыс етті.

Биыл 100 жылдығы аталып өтетін Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған дәрісхананың екінші бөлігі ешкімді бей-жай қалдырмады. Лицей оқушыларына қазақ халқының аты аңызға айналған қызы Әлия Молдағұлованың өмірбаяны, жауынгерлік жолы және ерлігі туралы фильм көрсетілді. Әскери кафедраның Ұлы Отан соғысы кезіндегі сарбаздардың формасын киген студенттері «Анаға хат...» атты театрландырылған композицияны ұсынды.

Іс-шараның қорытынды кезеңі музыкалық флешмоб болды. Әскери кафедра студенттері жарқын әрі шабыттандыратын «Ұлы дала!» музыкалық композициясын орындады.

Өмірлік күш-қуатты, даланың ырғағын және халқымыздың еркін рухын бейнелейтін отты «Қара жорға» биіне іс-шараға қатысушылардың барлығы қатысты. Музыкалық флешмобтың соңғы бөлігі студенттер мен лицей оқушыларының танымал «Сәлем, Астана!» әнін орындауы болды.

Іс-шара аяқталғаннан кейін «Арыстан» мамандандырылған лицейінің бастығы, отставкадағы генерал-лейтенант Майкеев Мұрат Жәлелұлы дәрісхананы ұйымдастырғаны, белсенді әскери-патриоттық қызметі үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының ұжымына алғысын білдіріп, студенттерге қызықты да танымдық іс-шара үшін рахмет айтты. «Қазіргі уақытта жастармен патриоттық жұмыстың рөлі мен маңызы тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеудің маңызды шарты болып табылады!» - деп атап өтті отставкадағы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

Мұндай іс-шаралар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы мен «Арыстан» мамандандырылған лицейі арасында жасалған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде дәстүрге айналған.