«Research on Anti-Corruption Institutions under the Belt and Road Initiative» халықаралық форумы өтті.Farabi University

51

«Research on Anti-Corruption Institutions under the Belt and Road Initiative» халықаралық форумы өтті.

8 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 20 қарашада Қытайдың Харбин қаласындағы Харбин политехникалық университетінде «Research on Anti-Corruption Institutions under the Belt and Road Initiative» халықаралық форумы өтті. Форум жұмысына Орталық Азияның үш мемлекеті — Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан ғалымдары қатысты.

Бұл іс-шара Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасы жанындағы «Sino–Kazakhstan Joint Education & Research Center for International and Comparative Law» орталығының белсенді жұмысының нәтижесі болды.

Дискуссиялық сессиялар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті мәселелерін, халықаралық ынтымақтастық тетіктерін және «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы құқықтық механизмдерді талқылады. Тыңдаушылар шақырылған сарапшылардың баяндамаларына ерекше қызығушылық танытты.

Халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы, PhD докторы, доцент м.а. Байтукаева Дана Өмірбекқызы халықаралық антикоррупциялық институттарды нығайтудың заманауи тәсілдеріне арналған баяндамасын ұсынды. Оның сөз сөйлеуі оң бағаланып, қызу пікірталас тудырды.

Осындай іс-шаралар академиялық байланыстарды нығайтып қана қоймай, ғылыми ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады, сондай-ақ Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері университеттері арасындағы мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал етеді.