Дүниежүзілік ғылым күні – ЦУР 4, ЦУР 9 және ЦУР 13 аясындаFarabi University

51

Дүниежүзілік ғылым күні – ЦУР 4, ЦУР 9 және ЦУР 13 аясында

10 қараша, 2025

ʵ Дүниежүзілік ғылым күні – ЦУР 4, ЦУР 9 және ЦУР 13 аясында
2025 жылдың 10 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология кафедрасы жанындағы 6B05102 – Биология білім беру бағдарламасының ББ23-07 және ББ23-10 топтарының студенттері Дүниежүзілік ғылым күніне орай ғылыми дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, куратор эдвайзер Мамурова Асем Тлеужанқызының жетекшілігімен өтті.

Дөңгелек үстел барысында студенттер университет кампусында ғылыми тақырыптарға арналған интерактивті стендтерді көрсетті және қатысушыларға экологиялық зерттеулер, биотехнология жетістіктері, генетика және климат өзгерісі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, студенттер тәжірибелік демонстрациялар жасап, ғылым мен технологияның күнделікті өмірге әсерін дәлелдеді.

ылым – қоғамның дамуының негізі. Ол арқылы адамдарды дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету, инновациялық шешімдер жасау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мүмкіндігі туады. ылыми зерттеулер энергияны үнемдеу, биоресурстарды сақтау, климаттық өзгерістерге бейімделу сияқты жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған.

Дүниежүзілік ғылым күні – жастардың ғылыми қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік дағдыларын дамытуға және ғылымды қоғамда танымал етуге бағытталған маңызды іс-шара. Студенттер белсенді түрде қатысып, өздерінің ғылыми жобаларын, идеяларын және экологиялық бастамаларын көрсетті.

Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының маңызды бағыттарын қолдап, атап айтқанда:

  • ЦУР 4: Сапалы білім – студенттердің ғылыми сауаттылығын арттыру, білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • ЦУР 9: Инновация және инфрақұрылым – ғылыми зерттеулер мен инновациялық тәжірибелер арқылы қоғамды дамыту;

  • ЦУР 13: Климаттың өзгеруіне қарсы күрес – климатқа байланысты мәселелерді талқылау және экологиялық шешімдерді ілгерілету.

📍 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
📅 10 қараша 2025 жыл
👥 Ұйымдастырушылар: ББ23-07 және ББ23-10 топтарының студенттері
👩🏫 Куратор эдвайзер: б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамурова Әсем Тлеужанқызы
🔗 #ДүниежүзілікылымКүні #ЦУР4 #ЦУР9 #ЦУР13 #Экология #ылым #ЖасылҚазҰУ

Ботаника және агроэкология кафедрасы
www.kaznu.kz