Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы бұрынғы 1985 жылы ашылған шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті негізінде құрылған. Факультетті құрылғаннан бүгінге дейін әлемнің 100-ден астам елінен АҚШ, Германия, Англия, Испания, Италия, Швеция, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Иран, Ауғанстан, Филиппин, Қытай Халық Республикасы, Йемен, Иордания, Египет, Сингапур, Моңғолия, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Латвия, Қырғызстан мемлекеттерінен келген 7000-нан аса шетелдіктер білім алды. Бүгінгі таңда факультет құрамындағы екі кафедра болашақ студенттерді дайындау үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Әлеуметтік желілер:
Факультет
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы бұрынғы 1985 жылы ашылған шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті негізінде құрылған. Сол уақыттан бері факультеттің дамуы жолында маңызы зор, айтулы тарихи оқиғаларға толы кезең болды. Тәуелсіздік алған сәттен өзінің стратегиялық бағдары айқын, кемел келешек құру жолында нық қадам басқан мемлекетіміздің ең негізгі ғылыми-өндірістік бағытта сапалы маман даярлау ісінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетекші қызмет атқаруда.
Факультетті құрылғаннан бүгінге дейін әлемнің 100-ден астам елінен, атап айтқанда АҚШ, Германия, Англия, Испания, Италия, Швеция, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Иран, Ауғанстан, Филиппин, Қытай Халық Республикасы, Йемен, Иордания, Египет, Сингапур, Моңғолия, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Латвия, Қырғызстан мемлекеттерінен келген 7000-нан аса шетелдіктер білім алды. Қазіргі уақытта факультет құрамында екі кафедра болашақ студенттерді дайындау үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Факультетімізде қызмет атқаратын 2 ғылым докторы, 16 ғылым кандидаты, 1 доцент, 2 PhD және жоғары білікті мамандар шетел азаматтарына қазақ және орыс тілдерін үйретуде жарқын жетістіктерге жетуде. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті заманауи озық технологияларды тиімді пайдаланып, қазақ және орыс тілдерін үйрету, дәріптеу арқылы қазақ тілінің халықаралық деңгейін көтеруге белсенді үлес қосуда.
Факультет ұстаздары тіл үйрету, меңгерту бағытында тиянақты қызмет атқарып, жүздеген ғылыми мақалалар, бірнеше монография, оқу құралдарын жарыққа шығарған. Факультетімізде тіл үйреніп, білімін шыңдаған факультет түлектері қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде өз мемлекеттерінде, халықаралық ұйымдарда, елшіліктер, білім, ғылым саласында жемісті қызмет етуде. Ұстаздардың жоғары білім деңгейі, мол тәжірибесі, айқын бағдары білім алушылардың болашаққа үлкен үміт артып, нық қадам басуына мүмкіндік береді.
Құрметті, жас талапкер! Сен өз болашағыңды баянды ету жылдарын біздің факультетімізде өткізеді деген ойдамыз!
Образовательные программы Довузовской подготовки
Образовательные программы Языковой и общеобразовательной подготовки иностранцев
Образовательные программы Колледж
Образовательные программы Профильная школа
Білім беру бағдарламалары
Қазақстан Республикасының оқу визасын (С9) алу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға қабылданған болуы шарт! Шақырту алу үшін қажетті құжаттар - төлқұжат (паспорт), анкета толтырып және мемлекеттің алымын (БАЖ) 0.5 АЕК (шамамен 2500 теңге) төлеу керек.
Университеттің визалық қолдау бөліміне құжаттарын тапсырғаннан кейін ҚР Көші-қон заңнамасына сәйкес 5-30 жұмыс күні аралығында визалық қолдау жасалады.
Сабақ уақытында еліне (шетелге) қайту қажеттігі туындаған жағдайда сабақтан босату (сұрану мерзімін көрсетуі тиіс) туралы факультет деканының атына өтініш жазады. Университеттің интернационалдандыру және рекрутинг кеңсесі басшысының атына өтініш жазып, факультет деканы өтінішке қол қойып бергеннен соң визалық қолдау орталығына өтінішті тапсырады.
Университеттің академиялық саясатын сәйкес студент (тыңдаушы) оқу орнының визасымен және рұқсатынсыз өзге шетелге кетіп қалған жағдайда оқудан шығарылып, оқу визасының күші жойылады.