Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
«ZERDE» ОҚУ- БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
«ZERDE» оқу-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ылыми Кеңесінің шешімімен 26.12.016 ж. №4 хаттама негізінде жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жанынан өзін-өзі қаржыландыру негізінде жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесі болып құрылды.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті «ZERDE» оқу-білім беру орталығының директоры
Тілеужанова Гүлхан Тұрарқызы
Кафедра байланыстары
Орталықтың мекен-жайы: Алматы қ., Қарасай батыр к., 95
3 қабат, 325 кабинет
Телефон: +7 702 329 03 00
Email: gulhan_74@mail.ru
Кафедра тарихы
Оқу-білім беру орталығы қызметінің мақсаттары:
- заңды және жеке тұлғалармен шаруашылық келісімшарттарды жасау арқылы ғалымдардың, ОПҚ және кафедра білім алушыларының жинақталған оқу-әдістемелік және оқу-білім беру қызметін іске асыру;
- бизнес-құрылымдармен, оқу орындарымен және Орталықтың қызметіне мұқтаж басқа кәсіпорындармен бірлесіп ОПҚ-ның оқу-білім беру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
-ҰБТ-ға дайындық технологиясы бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу.
Білім беру Орталығы қызметінің пәні оқу-білім беру бағдарламасын келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізу болып табылады:
- жалпы білім беретін орта мектептердің, мамандандырылған орта мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың оқушыларын жаратылыстану және гуманитарлық пәндер бойынша ҰБТ-ға дайындау;
- талапкерлерді жаратылыстану және гуманитарлық пәндер бойынша дайындау;
- шетел азаматтары, сондай-ақ ҚР азаматтары үшін қазақ, ағылшын және орыс тілдерін оқыту курстарын өткізу;
- еліміздің жоғары оқу орындарына түсушілер үшін ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу.
Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- тыңдаушыларды тарту үшін мақсатты кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу;
- барлық ниет білдірушілер үшін қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жедел оқыту курстарын, сертификат бере отырып ұйымдастыру;
- ЖОО түсушілерге арналған, ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша жасалған:
Математикалық сауаттылық
Қазақстан тарихы
Оқу сауаттылығы
Қазақ тілі/әдебиеті
Орыс тілі/әдебиеті
Математика/физика
Биология
Дүниежүзі тарихы
География
Ағылшын тілі
Информатика
Құқық негіздері
Шығармашылық пәндері бойынша тест тапсырмалар жинағын шығаруды іске асыру;
- тыңдаушыларға ыңғайлы сабақ кестесін құру.