Егізбаева М.К. "Түркі әлемі халықтарының этнографиясы" пәні бойынша дәрістер курсы
"Түркі әлемі халықтарының этнографиясы" пәні бойынша дәрістер курсы
Пәннің мақсаты - студенттерді түркі әлемінің мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері мен этникалық тарихы туралы деректермен таныстыру.
Аталмыш мәселеге байланысты пәннің алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Түркі халықтарының орналасу тарихын саралау;
- Орталық Азия, Кавказ, Алдыңғы Азия түркі халықтарының өмір сүруі мен этникалық және этномәдени негіздерін қарастыру.
- Түркі халықтарының материалдық мәдениетін сипаттау;
- Студенттерді түркі халықтарының отбасылық әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
Пән студенттерге алған білімдерін Орталық Азия аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізуге, мемлекеттік қызметтегі тәжірибелерінде, мұрағат және әдеби деректермен жұмыс жасауда, Қазақстан халықтары ассамблеясындағы мекемелерде эксперттік және кеңес беру қызметтерінде, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрліктерінде, ғылыми-зерттеу және экспозициялық жұмыстарда және басқа да мемлекеттік мекемелерде қолдануға септігін тигізеді. Пән студенттерді қазіргі ұғымдық-категориялық аппаратпен таныстыруға, түрік халықтарының мәдениеті мен тұрмысындағы мәселелер бойынша жан-жақты және логикалық-жүйелі бағыт-бағдар алуға мүмкіндік береді.
&Բ;Кіріспе. «Түркі әлемі этнографиясы» пәні, мақсаты және міндеттері
Түркі мемлекеттерінің тарихи және табиғи ерекшеліктері
Орталық Азия халықтарының этнографиясы
Татар, башқұрт халықтарының этнографиясы
Түрік және әзірбайжан халықтарының этномәдениеті
Ноғайлар мен құмықтардың этномәдени ерекшеліктері
Қырымдағы түркі халықтарының этнографиясы. Қырым татарлары
Қырымдағы түркі халықтарының этнографиясы. Қырымшақтар, қарайымдар
Сібірдегі түркі халықтарының этнографиясы. Сахалар (якуттар), хакастар
Сібірдегі түркі халықтарының этнографиясы. Телеуіттер, алтайлықтар