Студенттер киносеанска бардыFarabi University

51

Студенттер киносеанска барды

1 қараша, 2025

2025 жылдың 1 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының 204-топ студенттері мен жетекші эдвайзері Қонысбай Бақытгүлдің жетекшілігімен «Капитан Байтасов» көркем фильміне арналған рецензиялық талқылау өтті.

«Капитан Байтасов» фильмі заң факультетінің студенттеріне ерекше әсер қалдырды, себебі оның негізінде тек ерлік тарихы ғана емес, заң мен қоғамға адал қызмет етудің жарқын үлгісі жатыр. Капитан Байтасов соңғы сәтіне дейін антына берік болып, құқықтың шынайы күші оны қағаз жүзінде емес, іспен қорғайтын адамдарда екенін дәлелдеді. Оның ерлігі болашақ заңгерлерге заңның тек нормалар жинағы емес, сонымен қатар жауапкершілік, ар-ождан және сын сәттегі моральдық таңдау екенін еске салады.

Сондықтан бұл фильм батырдың ерлігіне тағзым ғана емес, сонымен бірге құқық пен әділдікке өз өмірін арнағандар үшін маңызды өнеге болып табылады.