- Басты бет
- Жаңалықтар
- Рекреациялық география және туризм кафедрасының өкілдері Қытайдағы жазғы мектепте болды
Рекреациялық география және туризм кафедрасының өкілдері Қытайдағы жазғы мектепте болды
2025 жылғы 12–25 шілде аралығында «8D11102 – Туризм және қонақжайлылық» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Сатқали Илан Қуанышқызы және «Рекреациялық география және туризм» кафедрасының маманы Дәулетханова Еркежан Русланқызы Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласындағы Шыңжаң университетінде ұйымдастырылған жазғы мектепке қатысты.
Жазғы мектеп бағдарламасы туризм және қонақжайлылық саласындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми құзыреттілікті арттыруға және мәдениетаралық тәжірибе алмасуға бағытталды. Қатысушылар жетекші профессорлардың дәрістерін тыңдап, ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысты, сондай-ақ Шыңжаң өңіріндегі тұрақты туризмді дамыту тәжірибесімен танысты.
Бағдарлама аясында мәдени-танымдық экскурсиялар, туристік нысандарға бару және қытайлық студенттер мен оқытушылармен тәжірибе алмасу да ұйымдастырылды.
Аталған жазғы мектепке қатысу — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Рекреациялық география және туризм» кафедрасы оқытушылары мен білім алушыларының академиялық ұтқырлығы мен халықаралық ғылыми ықпалдастығын дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Басқа жаңалықтар


