Өндірістік тәжірибе – кәсікерлікке бірінші қадамFarabi University

51

Өндірістік тәжірибе – кәсікерлікке бірінші қадам

1 шілде, 2025

Кәсіби тәжірибе – студенттердің оқу орнында алған теориялық білімдерін практикада, нақты еңбек жағдайында қолдана алатын уақыт кезеңі. Ол білім беру процесінің маңызды бөлігі болып табылады және студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталған. 6В05301-Химия ББ бойынша оқитын, Түрікменстаннан келген шетелдік студенттер үшін өндірістік практика аяқталды. Студенттер келесі кәсіпорындарда тәжірибеден өтті: «Ойлсерт» ЖШС, А.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты, Физика-химиялық зерттеулер әдістері мен талдау орталығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-зерттеу бөлімшелері. Тәжірибе барысында студенттер алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік алды. Студенттер кәсіптік дағдыларды меңгеруге көмектескен кәсіпорындар мен зертханалардың мамандарына алғыстарын білдірді, олардың көпшілігі біздің түлектер.

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы  кафедрасының доцент м.а.Наренова С.М.