Бірлік күніне арналған дөңгелек үстелFarabi University

51

Бірлік күніне арналған дөңгелек үстел

1 мамыр, 2025

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дөңгелек үстел

2025 жылғы 29 сәуірде медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс шетелдік студенттерінің қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты — әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ студенттер арасында бейбітшілік пен бірлік құндылықтарын насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстанның көпконфессиялы және көпұлтты қоғамының ерекшеліктерін, этносаралық келісім мен мәдени әртүрліліктің маңыздылығын талқылады. Шетелдік студенттер өз елдерінің мәдениеттерін таныстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы пікір алмасты. Кездесу рухани достық атмосферасында өтті.

Іс-шараның соңында бірлік, келісім және бейбітшілік — тұрақты дамудың негізі екені атап өтілді. Қатысушылар мұндай кездесулердің ұлтаралық түсіністікті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.