Киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды

2025 жылғы 30 сәуірде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №16 "Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар" мақсаты аясында Кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының ұжымы киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған пікірталас өткізді.
Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері — Сәрсембек А.Б. мен Расылхан Б.А., сондай-ақ декан орынбасары Асанова С.Э., кафедра меңгерушісі Куаналиева Г.А. және кафедра меңгерушісінің орынбасары Рашева Г.К. қатысты.
Пікірталас сессиясы Қытай-Орталық Азия құқығын анықтау және зерттеу орталығы – Қытай-Қазақстан құқықтық зерттеу орталығы базасында өтті. Іс-шара барысында қатысушылар қазіргі киберқауіптерді, цифрлық қауіпсіздіктің құқықтық аспектілерін және киберқылмыстармен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Басқа жаңалықтар

