
Халықаралық олимпиада
Тұран университетінде логистика мамандығы бойынша халықаралық сырттай олимпиада өтті
2025 жылдың сәуір айында Тұран университетінің ұйымдастыруымен логистика мамандығы бойынша халықаралық сырттай олимпиада сәтті өткізілді. Олимпиадаға ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, логистика саласына қатысты өз білімдерін үш кезеңнен тұратын байқауда сынады.
Аталған олимпиада үш негізгі кезеңнен тұрды: теориялық білімді бағалау, аналитикалық есептер шығару және нақты логистикалық жағдайларды шешуге арналған кейс тапсырмалар. Әр кезеңде қатысушылар логистикалық тізбектерді оңтайландыру, маршруттарды жоспарлау, қойма логистикасы, жүк тасымалдау тиімділігі секілді тақырыптарды қамтитын күрделі тапсырмалар орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің логистика мамандығының 3 курс студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі үшінші орын иеленді. Бұл жетістік – ҚазҰУ студенттерінің кәсіби дайындық деңгейінің, логистикалық ойлау қабілетінің жоғары екенін дәлелдейді.
Олимпиада ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы қатысушылардың дайындық сапасын оң бағалап, болашақ логист-мамандардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екендігін атап өтті.
Құттықтаймыз! Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне алдағы уақытта да жаңа табыстар мен биік жетістіктер тілейміз.
Басқа жаңалықтар


