Студенттердің отставкадағы судья Советхан Сәкенұлы Сәкеновпен кездесуі
30 сәуір, 2025

2025 жылғы 29 Сәуірде №16 "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" ТДМ іске асыру шеңберінде әл-Фараби ат.ҚазҰУ Заң факультеті студенттерінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы ұйымдастырған судья Советхан Сәкенұлы Сәкеновпен кездесуі өтті. Кездесу барысында ол сотта және тергеу жұмысында жинақталған бай кәсіби тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар, сот шешімдерін қабылдаудың қыр-сыры, тергеу жүргізу ерекшеліктері, сондай-ақ соңғы онжылдықтардағы құқықтық жүйедегі өзгерістер туралы айтты.
Кездесу нақты заң практикасын жақсы түсіну үшін пайдалы болды және студенттерді мамандықты одан әрі оқуға ынталандырды.
Басқа жаңалықтар

1 мамыр, 2025

29 сәуір, 2025

29 сәуір, 2025