- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-де қытай тілін үйренушілер арасында «6В02302 - Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша Хձ Республикалық пәндік олимпиада өтті.
ҚазҰУ-де қытай тілін үйренушілер арасында «6В02302 - Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша Хձ Республикалық пәндік олимпиада өтті.

28 сәуір күні Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы ұйымдастыруымен «6В02302 - Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша Хձ Республикалық пәндік олимпиада өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ университеттерінің 2-4 курс студенттері қатысты. Олимпиада жоғары деңгейде өтті, студенттер жақсы нәтиже көрсетті, 6 студент марапатқа ие болды.
Орындалған тапсырмаларды қарастырып, конкурстық комиссия марапатқа ұсыну туралы шешім қабылдады:
1. І ДӘРЕЖЕЛІ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДИПЛОМЫМЕН
Хлутко Дарья – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы, «6В02302 - Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті. Жетекші: Серикканова А.Ж., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, аға оқытушы.
2. ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДИПЛОМЫМЕН
1. Ғазезов Нұрхат – Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «6В02302 - Аударма ісі» мамандығының 4 курс студенті. Жетекші: Сабирова М., Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, аға оқытушы.
2. Тимофеев Станислав – Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «6В02302 - Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті. Жетекші: Езмахунова А.Р., Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, аға оқытушы.
3. ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДИПЛОМЫМЕН
1. Кумброва Милана – Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «6В02302 - Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті. Жетекші: Езмахунова А.Р., Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, аға оқытушы.
2. Нурпеисов Дулы – Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «6В02302 - Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті. Жетекші: Джелдыбаева Р.Б., Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ «Аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі, доцент.
3. Жүніс Даниал – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы, «6В02302 - Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті. Жетекші: Анипина А.К., и.о. доцента кафедры китаеведения, факультета востоковедения, КазНУ имени аль-Фараби, PhD.
Басқа жаңалықтар


