«ЖасТур» кубогы үшін ХІІІ университетаралық олимпиадасы сәтті өтті!
2025 жылдың 25-26 сәуір күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «Туризм» мамандығы студенттері арасында дәстүрлі «ЖасТур» кубогы үшін ХІІІ университетаралық ашық олимпиада ұйымдастырылды.
Олимпиадаға Алматы қаласында орналасқан жоғары оқу орындарынан келген 10 команда қатысты:
«Nomad Spirit» – Алматы Менеджмент Университеті,
«Эдельвейс» – Нархоз университеті,
«Алатау» – Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі,
«Сұңқар» – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
«Жиһанкез» – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
«QyzPu Tour» – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
«Турановские барсы» – Тұран университеті,
«ATU Travel» – Алматы технологиялық университеті,
«Farabi Team» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
«ZhasTour» – «ЖасТур» клубының командасы.
Қатысушылар теориялық және практикалық кезеңдер бойынша жарысып, білім мен шеберліктерін сынады. Теориялық кезеңде командалар үй тапсырмаларын қорғап, тест сұрақтарына жауап берді және команда капитандарына арналған алғашқы көмек көрсету бойынша жағдаяттарды орындады.
Практикалық кезеңде туристік көпсайыста спорттық және тактикалық шеберліктерін көрсетті.
Қазылар алқасы студенттердің дайындығы мен шығармашылығын жоғары бағалады. Олимпиада қорытындысы бойынша:
І орын — «Эдельвейс» командасы (Нархоз университеті),
ІІ орын — «Жиһанкез» командасы (ҚазҰПУ) және «Nomad Spirit» командасы (Алматы Менеджмент университеті),
ІІІ орын — «Сұңқар» командасы (ҚазҰПУ), «Алатау» командасы (Қазақ-Қытай колледжі) және «QyzPu Tour» командасы (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті).
«Турановские барсы» (Тұран университеті) мен «ATU Travel» (АТУ) командалары арнайы номинациялық сертификаттармен мадақталды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар кубокпен, дипломдармен, алғыс хат және номинациялық сертификаттармен, одан басқа «Clorts» және «Gluna» трекингтік кроссовкалары мен сертификаттары, «Tobe» жеңілдік сертификаттары және басқа да естелік сыйлықтармен марапатталды.
Басқа жаңалықтар


