Магистранттардың ғылыми тағылымдамасыFarabi University

51

Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы

28 сәуір, 2025

2025 жылғы 07-20 сәуір аралығында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 7М04201-«Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары /?lang=ru  - С. Тұрсынбеков, Аятуллах Немати, М. Тоқтарбекова және Ван Си Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің халықаралық құқық кафедрасында ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті. .

 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық құқық кафедрасы дайындаған тағылымдама бағдарламасына сәйкес ылым-2025 онкүндігі аясында магистранттар университетаралық воркшопқа, бірқатар ғылыми-білім беру іс-шараларына, академиялық курстарға белсенді қатысты, сондай-ақ жетекші ғалымдармен жеке консультацияларда диссертацияларды талқылау бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастырды.

 

Магистранттар РҒА Шығыстану институтының (Мәскеу қ., РФ) ғалымдары В.Л. Толстых, В.А. Кузнецов, А.Ю. Быковтың қатысуымен «Цифрландыру жағдайындағы Шығыс және халықаралық құқық» дөңгелек үстелінде ерекше қызығушылықпен пікірталасқа қатысты.

Тағылымдамадан өту барысында магистранттар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кітапханасының электрондық ресурстарына қол жеткізді, оқытылатын курстар бойынша оқу-әдістемелік материалдар, магистрлік зерттеулер тақырыптары бойынша қосымша материал жинау үшін ғылыми қорды пайдалануға мүмкіндік алды.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасы халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісінің м.а., PhD докторы Р.Д. Ақшаловаға, тағылымдама жетекшісі, халықаралық құқық кафедрасының доценті м.а. Ж.Т. Искаковаға және халықаралық құқық кафедрасының барлық профессорлық-оқытушылар құрамына ғылыми тағылымдама кезінде магистранттарды даярлағаны және қолдағаны үшін ғылыми тағылымдаманы кәсіби ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.