Білім беру саласындағы жаңа тенденциялар: STEM жəне Тұрақты даму мақсаттары

2025 жылдың 17 сəуірінде педагогикалық практикасы аясында 7М05113-Нейронаука ОБ магистранты Дюсенбаева Айнур «Білім беру саласындағы жаңа тенденциялар: STEM жəне Тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Қазіргі заманғы білім беру тәсілдерінің мысалы ретінде ғылыми зерттеулерде компьютерлік модельдер мен симуляторларды (силикода) пайдалану қарастырылды. Бүгінгі таңда мұндай технологиялар дәрілік заттарды жасауда және оларды виртуалды клиникалық сынақтарда сынауда, биологиялық жүйелердің жұмысын модельдеуде, сондай-ақ ақуыздардың құрылымын және олардың арасындағы өзара әрекеттесулерді модельдеуде кеңінен қолданылады. Кураторлық сағат компьютерлік модельдеу арқылы мүмкін болған көрнекті ғылыми жетістіктерге арналды. Мидың коннекомасын құрастыру жүйке жүйесінде болып жатқан күрделі процестерді түсінуге, сондай-ақ нейродегенеративті аурулар мен психикалық бұзылыстардың себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл — ТДМ 3 (Жақсы денсаулық жəне əл-ауқат) мақсатына тікелей байланысты. Аталған ғылыми жетістіктердің авторлары өз еңбектерін ашық қолжетімділікпен жариялайтыны ерекше атап өтілді, бұл бүкіл əлемде білім мен ғылымды дамытуға үлес қосады жəне ТДМ 4 (Сапалы білім беру) мақсатына сəйкес келеді. Сонымен қатар, кураторлық сағатта жасанды интеллектіні, соның ішінде ChatGPT-ді қоршаған ортаны қорғау мақсатында саналы пайдалану тақырыбы да жанама түрде қозғалды. Бұл ТДМ 12 (Жауапты тұтыну жəне өндіріс) жəне ТДМ 13 (Климаттың өзгеруімен күрес) мақсаттарымен тығыз байланысты.
Басқа жаңалықтар

