.jpg)
Туған күні: 22 қазан 1972 жыл
Лауазымы: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы
Туған жері: Алматы қаласы
Ұлты: қазақ
Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
Еңбек өтілі:
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы (1996–1998);
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы (1998–2001);
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті (2000–2010);
* Заң факультетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары (2010–2011);
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі (09.2012–12.2022);
* Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (01.01.2023 жылдан бастап).
Білімі және ғылыми дәрежесі:
* Заң ғылымдарының кандидаты (1999), «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық негіздері» тақырыбында диссертация қорғады (ғылыми жетекшісі – заң ғылымдарының докторы, профессор Ким В.А.);
* Заң ғылымдарының докторы (2009), «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті конституциялық-құқықтық қамтамасыз етудің теориялық мәселелері» тақырыбында диссертация қорғады (ғылыми жетекшілері – заң ғылымдарының докторлары, профессорлар Ким В.А. және Кенжалиев З.Ж.).
Марапаттары:
* «Құрмет» ордені (24.10.2024);
* Медальдар: «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін», «За развитие таможенного сотрудничества» (2016), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Халықаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2017), «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығы» медалі (2014), «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 20 жыл» (2015);
* «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2009);
* Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хаты (2013);
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы №675 бұйрығы бойынша берілген Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері;
* «Жетекші ғалым» (2016).
Басқа жаңалықтар

