Әбдірайым Бақытжан ЖарылқасынұлыFarabi University

51

Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы

1 сәуір, 2025

Туған жылы: 13 мамыр 1965 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

Білімі

  • ҚазМУ (қазіргі ҚазҰУ), 1990 жыл — заңгер мамандығы
  • Аспирантура, 1992 жыл
  • «Тұран» университеті, 1997 жыл
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мемлекет және құқық институты — докторантура, 2001 жыл

Қызмет жолы

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік арбитражы — заң кеңесшісі, экономикалық кеңесші және мемлекеттік арбитр
  • 1993–1995 жж. — Қазақстан Республикасының Жоғары арбитраж сотының судьясы
  • 1995–2002 жж. — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы
  • 2002–2006 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы
  • 2006 ж. — Қазақстан Парламентінің Сенаты аппаратының басшысы
  • 2006–2007 жж. — Ақмола технологиялық және бизнес университетінің ректоры
  • 2007 ж. — Қазақстан Республикасы Жоғары соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің төрағасы
  • 2007 ж. — Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы
  • 2008 жылдан бері — Еуразия ұлттық университетінің ректоры.
  • 2001 жылы — Қазақстан Республикасының Жоғары соты Кеңесінің мүшесі
  • 2001 жылы — Судьялардың III съезінде Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы болып сайланды

ылыми еңбектері

Бақытжан Әбдірайымның 100-ден астам ғылыми жарияланымы бар, оның ішінде 6 монография:

  • «ҚР жер процесіндегі заңдылықты қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері» (1998)
  • «ҚР заңнамасы бойынша келтірілген экологиялық зиянның орнын толтыру» (2001)
  • «ҚР жер процесі» (2001) және тағы басқалар.

Сонымен қатар, жер, аграрлық және экологиялық заңнамалар бойынша 20-дан астам оқу-практикалық және ғылыми-әдістемелік құралдардың авторы.
Жер құқығы мен азаматтық процесс, сот және шаруашылық құқығы бойынша 50-ден астам жарияланымы бар.
ҚР Жер Кодексін әзірлеуге қатысқан.

Марапаттары

  • «Құрмет» ордені
  • «ҚР құрметті қазысы»
  • «Үш би» қазылық қауымдастығының «Құрмет белгісі»
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі
  • «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі

Басқа жаңалықтар