Мұражайдағы бір күнFarabi University

51

Мұражайдағы бір күн

14 сәуір, 2025

14 сәуір 2025 жылы біз түркімен топтарымен Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайына экскурсия жасадық. Негізгі мақсатымыз – шетел студенттеріне қазақ ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру болды.

Экскурсияда біз алдымен Тарихи этнография залын қарастыруды шештік, себебі мұнда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетіне қатысты көптеген құнды экспонаттар бар. Залдан біз қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарын, дәстүрлі киімдерін, картографиялық және фотоматериалдарды, сондай-ақ кілем тоқу өнерінің ерекшеліктерін көре алдық. Мұражай қызметкері қазақ мәдениетінің маңызды нышандарының бірі – киіз үй туралы да қызықты мәліметтермен бөлісті. Мұндай экскурсиялар студенттердің білімін арттырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, қоғамға пайдалы тұлға болып өсуіне ықпал етеді деп сенеміз.

Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

 «6B05102 Биология» мамандығы

ББ 23-10 тобы

Куратор: Айсабаева А.Е.