
Туған күні: 26 ақпан 1953 жыл
Туған жері: Бәйтерек ауданы, Бакаушин ауылы
Мемлекет және қоғам қайраткері.
Білімі
1974 жылы Орал педагогикалық институтын,
1989 жылы Алматы саясаттану институтын,
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы
- 1974–1976 жылдары мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген.
- 1976–1979 жылдары Бәйтерек ауданы «Пермь» кеңшары комсомол комитетінің хатшысы болды.
- 1979–1983 жылдары Орал қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.
- 1983–1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы болды.
- 1987–1990 жылдары Қазақстан балалар қоры төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
- 1990–1993 жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
- 1993–1996 жылдары Жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі министр қызметін атқарды.
- 1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.
- 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.
Марапаттары
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Басқа жаңалықтар

10 желтоқсан, 2024

10 желтоқсан, 2024