Шәріпов Нұрсерік КәрімұлыFarabi University

51

Шәріпов Нұрсерік Кәрімұлы

1 сәуір, 2025

Туған жылы: 13 қазан 1965 жыл, Ертіс қаласы, Павлодар облысы

Білімі

1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген
2006 жылы М.Қ. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің экономика факультетін экономика бакалавры дәрежесімен аяқтаған

Еңбек жолы

  • 1988 жылдан бастап С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды
  • 1990 жылдан университеттің әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті
  • 1992 жылдан ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер кабинетінің азаматтық және рақымшылық жасау жөніндегі бөлімінде референт
  • 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратында рақымшылық жасау бөлімінің аға референті
  • 1995 жылдың маусымынан Алматы қаласы Фрунзе аудандық сотының судьясы
  • Кейін Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы болып қызмет етті
  • 2007 жылдан Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы
  • 2008 жылдан Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы
  • 2010 жылдың ақпан айынан бастап Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы.

Марапаттары

  • «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • «Мінсіз қызметі үшін» медалі
  • «Құрмет» ордені
  • Сондай-ақ бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған

Басқа жаңалықтар