Мерзадинов Ергали СерикбаевичFarabi University

51

Мерзадинов Ергали Серикбаевич

1 сәуір, 2025

Туған күні: 1958 жылғы 9 сәуір​

Туған жері: Қазақ КСР, Шымкент облысы, Киров ауданы, Абай ауылы​

Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі, орыс тілі

Білімі, мамандығы (квалификациясы), лицензиялары:

Қарағанды мемлекеттік университеті​

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1977–1982)​; Заңгер​

ылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Заң ғылымдарының кандидаты​
  • Диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалау жүргізудің конституциялық-құқықтық мәселелері» (2001)​

Еңбек жолы:

  • 1975–1977 жж. — Киров ауданының «Киров» кеңшарының жұмысшысы​
  • 1982–1986 жж. — Алматы қаласы Калинин ауданы прокуратурасының стажері, прокурор көмекшісі, аға тергеушісі​
  • 1986–1991 жж. — Қазақ КСР Прокуратурасының тергеу басқармасының прокуроры, аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы​
  • 1991–1992 жж. — Қазақ КСР көлік прокуратурасының тергеу басқармасының бастығы​
  • 1992–1996 жж. — Алматы қаласы Совет ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары​
  • 1996–1997 жж. — Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры​
  • 1997–2001 жж. — Алматы қаласының прокуроры​
  • 2001 жылғы қаңтар — 2002 жылғы ақпан — Қарағанды облысының прокуроры​
  • 2002 жылғы ақпан — 2003 жылғы қараша — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары​
  • 2004 жылғы мамыр — 2005 жылғы маусым — Астана қаласының прокуроры​
  • 2005 жылғы 30 маусым — 2009 жылғы 6 мамыр — Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары​
  • 2009 жылғы мамыр — 2018 жылғы шілде — Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры​
  • 2018 жылғы шілде — 2022 жылғы қараша — Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясының ректоры​
  • 2023 жылғы мамырдан бастап — Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі жанындағы «AML ACADEMY» қаржылық мониторинг академиясының ректоры​

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • 2-ші дәрежелі «Даңқ» ордені (2005)​
  • «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «90 жыл Кеңес Армиясына»​
  • 2-ші дәрежелі «Қайсар» төсбелгісі
  • Қазақстан Республикасы Прокуратурасының Құрметті қызметкері​

ылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:

«Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалау жүргізудің конституциялық-құқықтық мәселелері» атты кітаптың авторы (2001)​

Әскери қызметі, әскери және арнайы атақтары, класстық шендері:

  • Әділет генерал-лейтенанты (2013 жылғы 6 мамыр)​
  • 3-ші сыныпты Әділет мемлекеттік заң кеңесші (1998 жылғы қазан)

Басқа жаңалықтар