Тоқпақбаев Сәт БесімбайұлыFarabi University

51

Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы

1 сәуір, 2025

Туған жылы: 1939 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысы Іле ауданының ҚазЦИК ауылында дүниеге келген.

Білімі

1963 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша;

КСРО МҚК №302 Минск мектебін, 1971 жылы КСРО СІМ Жоғары дипломатиялық мектебін тәмамдаған.

Генерал-полковник.

Еңбек жолы

  • 1963 ж. шілде – Алматы облыстық прокуратурасының тергеушісі
  • 1963 ж. қыркүйек – КСРО МҚК №302 Минск мектебінің курсанты
  • 1963–1991 жж. – КСРО МҚК кадрлық офицері: жедел өкілден бастап ҚазКСР МҚК Басқармасының бастығы лауазымына дейін көтерілді
  • 1991 ж. қараша – Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚР МҚК Басқармасының бастығы
  • 1993 ж. маусым – ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары
  • 1993 ж. желтоқсан – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
  • 1995 ж. қараша – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы, ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы міндетін атқарушы
  • 1997 ж. наурыз – ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы
  • 1999 ж. қазан – ҚР Қорғаныс министрі
  • 2001 ж. желтоқсан – ҚР Президентінің кеңесшісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы
  • 2002 ж. қыркүйек – «Еуро-Азия Эйр Интернэшнл» Халықаралық еуразиялық әуе компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы
  • 2007 ж. бастап – ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
  • ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2002 жылға дейін)

Марапаттары мен жетістіктері

  • «Даңқ» ордені (1997 ж.)
  • «Барыс» ордені (2008 ж.)
  • 14 мемлекеттік медаль
  • «Жылдың әскери адамы» номинациясы бойынша Жыл адамы (Алтын Адам) (2000, 2001).

Басқа жаңалықтар