Бердібаева Әлия ҚартбайқызыFarabi University

51

Бердібаева Әлия Қартбайқызы

24 сәуір, 2025

Туған күні: 1978 жылғы 30 тамыз
Туған жері: Қызылорда облысы, Арал қаласы                                                                                                                                                                           

Соңғы қызметі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының аналитигі (құқық ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор)
Ұлты: қазақ
Тілдерді меңгеруі: қазақ, орыс

Еңбек өтілі:
• 2001–2005 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ заң факультетінің Мемлекеттік басқару кафедрасында оқытушы, аға оқытушы;
• 2005–2008 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Еңбек құқығы және азаматтық құқық кафедрасында аға оқытушы;
• 2008–2013 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ Азаматтық құқық және процесс кафедрасында аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы;
• 2013–2023 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында аға оқытушы, профессор міндетін атқарушы, қауымдастырылған профессор.

Қосымша:
• 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу бойынша сарапшылар пулының ғылыми сарапшысы.

Білімі мен ғылыми дәрежесі:
• 1999 ж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бакалавриат);
• 2001 ж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (магистратура);
• 2009 ж. – Құқық ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

Марапаттары:
• 2014 жылғы 14 мамыр – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғ.М. бұйрығымен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойы» медалімен марапатталды;
• 2022 жылғы 9 ақпан – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Түймебаев Ж.К. бұйрығымен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 

Басқа жаңалықтар