- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ студенттері Республикалық математика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті
ҚазҰУ студенттері Республикалық математика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті

2025 жылғы 18–19 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы ұйымдастырған 6B054 «Математика және статистика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттеріне арналған Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.
ҚазҰУ командасы құрамында Бергенбекұлы Нұрдәулет, Зайдуллаева Айымжан және Сқақ Әлия жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, математикалық есептерді шешуде білімдері мен дағдыларын сәтті дәлелдеді. Олимпиада нәтижесі бойынша студенттер табысты қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды. Бұл олардың оқу мен ғылыми қызметке деген адалдығының айғағы болды. Команда жетекшісі Буканай Нұрайым Ұланқызы студенттерге зор қолдау көрсетті.
Студенттердің пәндік олимпиадаларға қатысуы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі — 4-мақсат: Сапалы білім бағытына үлес қосып, академиялық ұтқырлықты, сыни ойлауды және жастардың ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Иманбердиев Канжарбек,
Математика кафедрасының меңгерушісі
Досмағұлова Қарлығаш Алматқызы,
Математика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары
Басқа жаңалықтар


