- Басты бет
- Жаңалықтар
- Механика-математика факультетінің студенті «Үздік студент» байқауының жеңімпазы
Механика-математика факультетінің студенті «Үздік студент» байқауының жеңімпазы

Механика- Математика факультетінің студенті «Робототехникалық жүйелер» мамандығы бойынша 2-курс студенті Нұралы Дарын Жаннұрұлы,.
2025 жылы «Жаңа қазақстандық патриотизм» жобасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Үздік студент» байқауына қатысып, І дәрежелі диплом мен арнайы төсбелгі иегері атандым. Бұл байқау — еліміздің дамуына үлес қосып жүрген белсенді, білімді және шығармашыл жастарды анықтау мен қолдауға бағытталған маңызды шаралардың бірі.
Байқауға қатысу барысында өзімнің осы уақытқа дейінгі жетістіктерімді, атап айтқанда, «Робототехникалық инкубатор» сайысы мен «Жалын-2023» секілді жобалардағы белсенділігімді ұсындым. Бұл жобалардағы жетістіктерім, ғылыми және шығармашылық әлеуетім байқауда жоғары бағаланып, жеңіске жетуге септігін тигізді.
«Осы марапатты алу — мен үшін үлкен жауапкершілік пен шабыт. Бұл жеңіс менің алдағы мақсаттарыма нық сеніммен қадам басуыма серпін берді. Болашақта өз мамандығым бойынша кәсіби біліктілігімді арттырып, еліміздің ғылымы мен технологиясына өз үлесімді қосқым келеді.
Мен ең алдымен Механика-Математика факультетінің деканы Досжан Нұрсұлтан Сағынайұлына студенттерді үнемі қолдап, дамуға жағдай жасағаны үшін шексіз алғыс білдіремін. Сонымен қатар, менің осы байқауға қатысуыма қолдау білдіріп, шабыт берген кураторым, ұстазым — Сагитжанов Берік Мейрамұлына ерекше ризашылығымды білдіремін» студент өз алғысын жеткізді.
Басқа жаңалықтар


