22-23 сәуірде Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы бойынша ХVII Республикалық пәндік олимпиада өттіFarabi University

51

22-23 сәуірде Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы бойынша ХVII Республикалық пәндік олимпиада өтті

23 сәуір, 2025

22-23 сәуірде Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы бойынша ХVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Бұл ауқымды білім сайысында Қазақстанның әр өңірінен келген 17 жоғары оқу орнының студенттері бақ сынасты.
Олимпиадаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен аға оқытушы М.Д. Мурзагулованың ғылыми жетекшілігімен  2-курс студенттерінен Ахатова Нұрай, Ахметова Тәнзи және Елдошев Жорабек құралған “Ақыл айна” тобы белсене қатысып, ерекше нәтижемен көзге түсті. 
Олимпиаданың алғашқы кезеңінде қатысушылар өз оқу ордасы мен мамандығы жайлы бейнеролик түсіріп, шығармашылық сәлемдесуін өлең түрінде ұсынды. ҚазҰУ студенттері бұл бөлімде көрерменнің де, қазылар алқасының да ықыласына бөленді.
Келесі кезеңде "Заманауи ұлттық педагог-психолог моделі" жобасын сәтті қорғап шыққан “Ақыл айнасы” тобы кәсіби білімге негізделген тың идеяларымен ерекшеленді. Сонымен қатар, білім сапасын бағалауға арналған тест сынағында жоғары нәтиже көрсетіп, теориялық дайындығы мен кәсіби біліктілігін дәлелдеді.
Олимпиаданың қорытындысында ҚазҰУ-дың “Ақыл айнасы” тобы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бұл жеңіс – тек қатысушылардың емес, оқу орнының да абыройын асқақтататын зор жетістік.
Біздің студенттеріміз тек білім мен ғылымға ғана емес, шығармашылыққа да құштар. Осы олимпиадада олар өз мамандықтарына деген сүйіспеншілікті, жауапкершілікті және кәсіби дайындықты толық көрсете алды. Бұл – болашақ педагог-психологтар үшін үлкен тәжірибе, ал біз үшін үлкен мақтаныш. Осындай байқаулар жастарды шабыттандырып, жаңа биіктерге жетелейді.
Мұндай білім додалары жас мамандарды қолдап, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, кәсіби шыңдалуына және ел болашағына өз үлесін қосатын педагог-психолог ретінде қалыптасуына жол ашады.