- Басты бет
- Жаңалықтар
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОЗҒАЛЫСЫ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОЗҒАЛЫСЫ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

2025 жылғы 16 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде отын-энергетика, минералдық-шикізат кешендері, атом өнеркәсібі және аралас салалардағы студенттер мен жас мамандарға арналған инженерлік кейстерді шешуге арналған «CASE-IN» халықаралық инженерлік чемпионатының XIII маусымының іріктеу кезеңі өтті.
Іріктеу турының бастамашысы және ұйымдастырушысы Химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы болды. CASE-IN XIII Халықаралық инженерлік чемпионатының студенттік лигасының іріктеу кезеңі чемпионатты өткізетін елдің өкілдері мен іріктеу кезеңіне қатысушы ЖОО өкілдерінің қатысуымен аралас форматта (онлайн және офлайн) өтті. Чемпионатқа Бөкетова атындағы Қарағанды университеті, Торайғыров университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеттерінің студенттері мен аспиранттары қатысты. 12 команда өздерінің кейс тапсырмаларын ұсынды.
Кейс тапсырмаларын бағалау критерийлеріне сәйкес ең көп ұпай жинаған командалар анықталды: 1 орын – «Көмірсутек альянсы» командасы Ақанова Зейнеп Бауыржанқызы, Жүсіпов Ескендір Назымбекұлы, Майевский Сергей Викторович Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен, 2 орын «Алтын мұнай» командасы Аманғали Айсан Ардаққызы, Самал Диас Талғатұлы, Қайрат Әлем, Абдулла Жанат Мұхамметқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен, 3 орын «ПетроТех» командасы Нұрым Бекзат Досымұлы, Мәткір Жаңабай Мұханұлы, Аманжолов Алдияр, Ерсайнова Дана Маратқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,. Бірінші орын алған жеңімпаздар CASE-IN XIII халықаралық инженерлік чемпионатының финалында өз жобаларын ұсынады.
Барлық командалар қызықты технологиялық шешімдерді ұсынды, тапсырманы тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты іздеу және пайдалану қабілеттерін көрсетті, тапсырманы шешуге кәсіби көзқарасты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ақпаратты талдау және бағалау, стандартты және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау қабілетін көрсетті.
Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының доцент м.а., т.ғ.к. Наренова С.М.
Басқа жаңалықтар


