Білімін жетілдіру курсынан өтуде

Бердах атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік университетінің Өндірістік технология факультетінің стажер-оқытушысы Сарсенбаев Нурлан Тенелбаевич 2025 жылдың сәуір айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінде оқу және ғылыми тағылымдамадан өтуде. Ол «Химиялық технологияның процестері мен аппараттары» пәні бойынша кәсіби білімін тереңдету мақсатында физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасын доценті Ешова Жания Турлухановна арнайы білім жетілдіру курсына қатысуда.
Курсты тыңдау барысында Сарсенбаев Нурлан Тенелбаевич қазіргі заманғы химиялық өндірістердің негізгі процестері мен аппараттарының теориялық және практикалық аспектілерімен танысып, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарға белсенді қатысуда. Сонымен қатар, білім беру мен өндірістегі заманауи әдістер мен технологияларды меңгеріп, өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыруда.
Аталған тағылымдама жас маманның педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіруге, оқу үдерісіне заманауи тәжірибе мен жаңа білімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұл 17-тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 17) әріптестік (17.4.1. ТДМ – на қатысты білім беру-тиімді білім алуға ұмтылу) үшін бағыт болып табылады.
Қанапиева Ф.М. физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцент м.а.
Басқа жаңалықтар


