ТДМ-4: «Ең үздік эдвайзер – 2025» жобасының жеңімпаздары анықталдыFarabi University

51

ТДМ-4: «Ең үздік эдвайзер – 2025» жобасының жеңімпаздары анықталды

11 сәуір, 2025

«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен университет деңгейінде өткен «Ең үздік эдвайзер – 2025» жобасы өз мәресіне жетіп, 11 сәуір күні қорытынды марапаттау рәсімі өтті.

Жобаның қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

  • І орын – Филология факультетінің эдвайзері Сәрсенбай Жанат Асылханқызы. Қаржылай сыйақы – 150 000 теңге.

  • ІІ орын – География және табиғатты пайдалану факультетінің эдвайзері Әлімбай Алмас Медетжанұлы. Қаржылай сыйақы – 100 000 теңге.

  • ІІІ орын – Биология және биотехнология факультетінің эдвайзері Рысқали Толғанай Бағдатқызы. Қаржылай сыйақы – 50 000 теңге.

Сонымен қатар, жобада белсенділік танытқан барлық эдвайзер алғыс хатпен марапатталды.

Жоба 3 кезеңнен тұрды:

  • I кезең – «Видео сайыс»

Эдвайзерлер бейнеролик арқылы өздерін таныстырып, студенттермен жұмыс тәжірибесі мен жетістіктерін ортаға салды. Бұл кезеңде олардың педагогикалық көзқарасы, кәсіби құндылықтары және университет өміріне қосқан үлестері көрсетілді.

  • II кезең – «Brain Ring» интеллектуалды ойыны және «Start Up» ғылыми жобалар байқауы

Эдвайзерлер «Brain Ring» ойынында білімдерін сынап, шапшаң ойлау және командалық жұмыс қабілеттерін көрсетті.
Ал «Start Up» жобаларында ғылыми-тәжірибелік идеяларын ұсынып, олардың университет пен қоғам үшін маңыздылығын дәлелдеді.

  • III кезең – «Эдвайзер және студент апталығы» (бейнеролик түрінде)

Бұл кезеңде эдвайзерлер мен студенттердің бірлескен іс-шаралары бейнеролик арқылы таныстырылды. Апталық аясындағы шеберлік сағаттар, тренингтер мен пікірталастар қатысушылардың креативтілігін, ынтымақтастығын және жаңа әдістерді қолдану мүмкіндігін көрсетті.

Барлық жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!