.jpg)
2025 жылдың көктемінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көктем мен бірліктің бастауы – Наурыз мейрамына арналған кең ауқымды мерекелік шара өтті. Іс-шара аясында ұйымдастырылған ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, қолөнер көрмелері, дәстүрлі ойындар мен өнер бағдарламалары ұсынылды.
Бұл мереке тек ұлттық мәдениетіміздің көрінісі ғана емес, сонымен қатар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) үйлесетін маңызды құндылықтарды дәріптейтін платформа болды. Сапалы білім беру: Университет аумағында өткен мәдени іс-шаралар студенттердің этномәдени танымын кеңейтіп, ұлттық салт-дәстүр арқылы бейресми білім берудің тиімді құралына айналды. Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар: Мереке – ұлт пен ұлысты жақындастырып, бейбітшілік пен келісімнің құндылығын насихаттады. Серіктестік: Мерекеге университеттің түрлі факультеттері мен бөлімдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен халықаралық студенттер де белсене қатысып, мәдениетаралық диалог пен әлеуметтік ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Теңсіздікті азайту: Барлық қатысушылар жасына, ұлтына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан ортақ құндылықтарды бірге бөлісті, бұл — инклюзивті қоғам қалыптастырудың негізі.
Наурыз – тек жаңа жылдың бастауы ғана емес, рухани жаңару мен ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын өміршең мереке. Оның мазмұндық тереңдігі тұрақты даму мақсаттарының жергілікті деңгейде жүзеге асуына қызмет ететін тамаша үлгі бола алады.
Басқа жаңалықтар


