Қытайда білім алу және қытай тілі емтиханы (HSK)
.jpg)
2025 жылдың 20 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде маңызды халықаралық іс-шара – «Қытайда білім алу және қытай тілі емтиханы (HSK)» тақырыбындағы ІІ Қытай университеттерінің көрмесі өтті.
Бұл бастама ҚазҰУ мен Халықаралық қытай тілі тест орталығының бірлескен ұйымдастыруымен жүзеге асып, жаһандық білім беру кеңістігіндегі диалог пен серіктестікті дамытуға бағытталды.
Аталған көрме БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4, 17, 8 бағыттарымен тығыз байланысты. Атап айтқанда: сапалы білім беру: Көрме аясында студенттер Қытайдың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен танысып, сапалы әрі қолжетімді халықаралық білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы серіктестік: Қазақстан мен Қытай университеттері арасындағы білім саласындағы әріптестік тұрақты даму идеялары аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып табылады. Жақсы жұмыс және экономикалық өсу: Шетелде білім алған түлектердің халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі артып, олардың кәсіби дамуына жол ашылады.
Көрме барысында студенттер мен жастарға арналған ақпараттық сессиялар, HSK емтиханы туралы түсіндірме жұмыстар, сондай-ақ мәдениетаралық диалогты нығайтуға бағытталған шаралар өтті.
Бұл іс-шара білім мен мәдениет арқылы елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтатын, әрі Қазақстан жастарының жаһандық азаматтыққа қадам басуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар


