ТДМ-4: «Ең үздік студенттік топ – 2025» жобасының жеңімпаздары анықталдыFarabi University

51

ТДМ-4: «Ең үздік студенттік топ – 2025» жобасының жеңімпаздары анықталды

11 сәуір, 2025

Университетімізде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен 11 сәуір күні «Ең үздік студенттік топ – 2025» жобасының қорытынды марапаттау кеші өтті.

Аталған байқау университет студенттері арасында білім, тапқырлық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі болды. Жоба барысында қатысушы топтар бірнеше кезең бойынша сынға түсті.

Жобаның жеңімпаздары:

  • I орын – Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент К1» тобы.  Бұл топқа 3 шәкіртақы көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалды.
  • II орын – Механика-математика факультетінің «Математика 23-1» тобы. Бұл топқа 2 шәкіртақы көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалды.
  • III орын – Ақпараттық технологиялар факультетінің «Деректер туралы ғылым 24-1» тобы. Бұл топқа 1 шәкіртақы көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалды.

Байқауға қатысқан барлық топ ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

«Үздік студенттік топ – 2025» жобасы 3 кезеңнен тұрды:

  • I кезең – «Видео сайыс».

Бұл кезеңде әр топ өз мамандықтарының ерекшеліктерін, маңыздылығын және болашағын таныстыратын шығармашылық видеороликтер ұсынды.

  • II кезең – «Quiz» интеллектуалды ойыны.

Бұл бөлімде студенттер өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және тапқырлықтарын сынға салды. Жылдамдық пен дәл жауаптар шешуші рөл атқарды.

  • III кезең – «START UP» жобасын қорғау.

Соңғы кезеңде студенттік топтар өздерінің инновациялық ғылыми идеяларын ұсынды. Жобалар қазіргі заман талаптарына сай, ғылыми және әлеуметтік маңызға ие болуымен ерекшеленді.

Жобаға белсенді қаысқан топқа алғыс білдіреміз!