"Интеллектуалды агенттерге негізделген сөйлесу платформасы" жобасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі ФАРАБИ ФОРУМЫ кезекті рет жоғары деңгейде өтті. Бірнеше күнге созылған форум аясында: «Фараби әлемі – 2025» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы Студенттік бизнес инкубатор конкурсы және басқа да қызықты ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылды.
Форумды қорытындылау салтанатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Қансейітұлы болашақ жас ғалымдарға ізгі тілегін білдіріп, ел болашағы үшін ғылымды серік етуге шақырды.
Студенттік бизнес инкубатор байқауына Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің атынан қатысқан Толқын Сұңқардың "Интеллектуалды агенттерге негізделген сөйлесу платформасы" жобасы II орын иеленіп, 100 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды!
Сонымен қатар, «Фараби әлемі – 2025» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпаздары арнайы дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды.
Басқа жаңалықтар


